«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазан мемлекеттік энергетика университетімен бірлесіп 2022 жылдың 20 – 21 қазаны аралығында «Энергетика, инфокоммуникациялық технологиялар және жоғары білім» XII халықаралық ғылыми-техникалық конференциясын өткізуде.

Халықаралық конференцияның мақсаты – ғалымдарға, практиктерге, коммерциялық ұйымдардың өкілдеріне, бизнесмендер мен мемлекеттік қызметкерлерге энергетика, телекоммуникациялар, IT-технологиялар, ғарыш техникасы саласындағы теория мен практика бойынша еркін ақпарат пен пікір алмасу мүмкіндігін беру және ғылым, білім мен өнеркәсіпте жүйелерді басқаруды оңтайландыру әдістерін талқылау және әзірлеу.

Конференцияға қатысуға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ энергетика саласында және басқа да машина жасау салаларында жұмыс істейтін мамандар шақырылады.

Үздік баяндамалардың авторларына (тақырыптық секциялардың шешімі бойынша) тиісті мақалаларды ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдар тізбесіне кіретін 2022 жылғы № 4(55) «АЭжБУ Хабаршысы» рецензияланатын журналының, «Жоғары оқу орындарының известиясы. Энергетика мәселелері» және «Қазан Мемлекеттік энергетикалық университетінің Хабаршысы» ғылыми-техникалық және өндірістік журналдарының  арнайы шығарылымында жариялауға мүмкіндік беріледі.