ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Гумарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті 2025 жылғы 22–24 қазан аралығында университеттің 50 жылдығына арналған «Энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жоғары білім» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Іс-шараның мақсаты:
Энергетика, ақпараттық және ғарыштық технологиялар саласындағы трендтер мен перспективаларды талқылау, ғылым, білім және индустрия интеграциясын қамтамасыз ету.
Ерекше назар: жаңартылатын энергия көздері, смарт-желілер, энергия үнемдеу технологиялары, цифрлық платформалар, киберқауіпсіздік, спутниктік байланыс, навигациялық жүйелер, қашықтықтан зондтау және жасанды интеллектті қолдану мәселелеріне аударылады.
Үздік баяндамалар авторларына:
- «АЭжБУ Хабаршысы» арнайы шығарылымына мақалалар жариялау ұсынылады.
- Mathematics and Computers in Science and Engineering (MACISE), конференциясының арнайы сессиясына қатысу мүмкіндігі беріледі, жеңілдетілген төлем: IEEE Proceedings, AIP Proceedings немесе Springer Verlag басылымдарында, ISI, Scopus, EI Compendex, ACM, ScholarGoogle және т.б. дерекқорларында индекстелетін бір мақала үшін 320 еуро.